Қоспаевтардың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты сот үкімі шықты
Қоспаевтардың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты сот үкімі шықты. Қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 11 адамды рейдерлік, ұрлық, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу, сондай-ақ басқа да қылмыстар бойынша кінәлі деп таныды. Топты басқарған Елдос Қоспаевтың ағасы Айдос Қоспаев пен топтың тағы 8 мүшесі 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Оксана Кудряшова 10 жылға, Василий Бабушкин 9 жылға сотталды. Сондай-ақ, айыпталушылардың барлығы белгілі бір қызмет түрлерімен айналысу құқығынан айырылды.
Алмат Исахан, қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:
ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жаза түрлерін ішінара қосу арқылы Елдос Коспаевқа 15 жыл бас бостандығынан айырып, мүлкі тәркіленсін. Коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыру, сондай-ақ 10 жыл алкоголь өнімдерін сату құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған 133 жылжымайтын мүлік, 11 жер учаскесі, премиум санаттағы 35 көлік және 9 миллион доллар қолма-қол ақша тәркіленді. Еске салайық, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот процесі 2024 жылдың 24 қыркүйегінде басталған еді.
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
