Ресейдің жоғарғы оқу орындары Болон жүйесінен бас тартты
Ресей 2026 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап жоғары білімнің Болон жүйесінен бас тартты. Енді жоғарғы оқу орындарында бұрынғыдай қос деңгейлі жүйе, яғни 4 жылдық бакалавриат және 2 жылдық магистратура болмайды. Оның орнына кеңестік замандағы 5-6 жылғы оқуға оралу қарастырылған. Ал магистратураның орнына мамандандырылған жоғары оқу орны, 1-3 жылдық білім бағдарламасы енгізіледі. Қазір Ресейде 60 мыңнан астам отандасымыз білім алып жатыр. Оларға оқу орнын аяқтауға еш кедергі болмайды деп уәде еткен.
Мейіржан Жалғаспай, Ресейдегі студенттер ұйымының басшысы:
Біздің оқып жүрген жоспарымыз 4 жылға бекітілген және ол ешқандай өзгеріске ұшырамайды. Біз осы бағытта оқуды жалғастыра береміз. Мәселе, кедергі болмайды. Біздің Мәскеуде оқып жүрген дипломдарымыз халықаралық аренада күшін жойды, алайда біз Қазақстанға оралсақ, сайт арқылы дипломымызды қазақ тіліне аударамыз.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары – 2026»: Ел намысын 11 команда қорғайды
24.07.2026, 20:36
Тұңғыш драматург жайлы алғашқы жинақ шықты
24.07.2026, 20:34
Әскери дайындыққа арналған жаңа оқулықтар жарық көрді
24.07.2026, 20:31
Қызылорда облысының Шиелі ауданында жастар саябақты тазалап, игі іске жұмыла атсалысты
24.07.2026, 20:27
Алматы жетекші гастрономиялық орталықтардың біріне айналды
24.07.2026, 20:25
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардан 1 059 медаль жеңіп алды
24.07.2026, 20:22
Алматыда жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті
24.07.2026, 20:19
Ресейде қор нарығы құлдырап, бағалы қағаздар құнсызданды
24.07.2026, 20:19