Астанадағы LRT биыл жазда салынып бітеді
Астанадағы ЛРТ құрылысы биыл жазда аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. Әкімнің сөзінше, алғашқы пойыздар күзде іске қосылып, сынақтар жүргізіледі. Жиында Президент елордадағы көлік кептелісі мәселесіне қатысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Өйткені алдағы 10 жылда қала халқы 2,5 млнға жетуі мүмкін деген болжам бар. Ал Жеңіс Қасымбектің айтуынша, қалалық маршруттарға күн сайын 1600-ден астам автобус шығады, қоғамдық көлік паркі 45 пайызға жаңартылған. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін бақылау мақсатында жасанды интеллектінің мүмкіндіктері пайдаланылмақ.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17