Қытайлық чат-бот америкалық бәсекелесінен басым түсті
Қытайдың DeepSeek компаниясы тегін чат-бот шығарды. Ол ойлау қабілеті жағынан америкалық ChatGPT-ді басып озған. Арзан чипті қолданатын бұл платформа АҚШ-та, Қытайда, Ұлыбританияда ең көп жүктелген ақысыз қосымшаға айналып отыр. Осыған байланысты жасанды интеллект саласында АҚШ – жетекші ел деген түсінікке күмән туындады.
Тағы бір айта кететін жайт, DeepSeek пайда болысымен биржаларда Nvidia, SoftBank, Alphabet, Microsoft сияқты алып технологиялық компаниялардың акциялары 2 пайыздан 17 пайызға дейін құлдырап, 600 миллиард доллар желге ұшты. Себебі инвесторлардың чиптар мен мәлімет өңдейтін орталықтарға сұраныс артады деген сенімі аяқ астынан сетінеп отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12