Өскеменде Үлбі өзеніндегі көпірді қайта жөндей бастады
Өскеменде Үлбі өзеніндегі көпір қайта жөнделетін болды. Сексен жыл бұрын салынған стратегиялық нысанның бір тіреуін былтыр көктемде су шайып кеткен. Жазда төрт тіреуі жаңаланған. Бірақ геодезиялық зерттеулерден кейін көпірдің су астындағы ең төменгі бөліктері шіріп кеткені анықталды. Әсіресе ағашпен құрсауланған іргетасы шіри бастаған. Сондықтан жөндеу жұмысын қыста жүргізу туралы шешім қабылданды. Өйткені Үлбінің суы осы мезгілде ең төменгі деңгейде. Қазір 20 құрылысшы екі ауысыммен көпірдің тіреулерін бекітіп жатыр. Ал жалпы жөндеу жұмысына 600 миллион теңге бөлінді.
Қайрат Сағадиев, мердігер компания өкілі:
Ол қырқыншы жылдары ағаштан жасалған болатын. Одан бері ол шіріп, үлкен сумен жуылып, шайылып кетті. Сондықтан тіреулер құлап кетуі мүмкін. Қосымша бетонмен алынбайтын апалубка құрап, соған таза арматура қосып бетондап жатырмыз.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07