Абай облысында «Орманымызды қорғаймыз» экологиялық акциясы өтті
Абай облысы Бородулиха ауданында «Орманымызды қорғаймыз» атты экологиялық акция өтті. Шараны Жастар ресурстық орталығы «Таза Қазақстан» аясында ұйымдастырды. Қатысушылар орман алқабына жиналып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Акцияға «Amanat» партиясының филиалы, аудан ұйымдары мен мекемелерінің қызметкерлері, ауылдық округтердің өкілдері, волонтерлер және орман тіршілігіне бей-жай қарамайтын тұрғындар қатысты. Шара барысында құстарға арналған ұялар мен жем салғыштар орнатылып, спорттық ойындар мен флешмоб өтті.
Гүлмира Ильяшева, «Amanat» партиясы Бородулиха аудандық филиалының атқарушы хатшысы:
Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған Бородулиха аудан орталығындағы орман ішінде құстар, кішкентай тиіндер, басқа да аңдар бар. Соларды қорғау мақсатында оларға ұя орнатып жатырмыз. Мұны да бір үлкен іс деп ойлаймын, өйткені аң-құстың киесі бар. Біздің халық «кие» деген сөзді қадір тұтамыз.
Ғабит Ұзақбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18