Жетісу облысында 7 мұғалім жауапқа тартылды
Жетісу облысының жеті мектебінде оқушылар тыйым салынған сайттарға еш кедергісіз кіріп отырған. Мазмұны ересектерге арналған сайттар 4 мыңдай оқушыға қолжетімді болған. Бұл олқылықты өңір прокурорлары «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау мақсатымен анықтаған. Құзырлы органның қадағалау актісімен сайттар бұғатталды. Ал осындай кемшілікке жол берген жеті мұғалім тәртіптік жауапқа тартылды.
Самал Жабайханова, Жетісу облысы прокурорының аға көмекшісі:
Тәртіп идеологиясын жүзеге асыру аясында Жетісу облыстық прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғауды жалғастыруда. Осыған орай ата-аналардан сұрайтыным - балаларыңыздың ұялы телефондарын қатаң қадағалаңыздар.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21