Маңғыстаудағы «Тәжен» кеден бекеті 3 айға жабылады
Маңғыстауда Өзбекстанмен шекарадағы «Тәжен» кеден бекеті 3 айға жабылады. Бұл туралы көрші елмен келісім жасалған. Соған сәйкес Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалар мен көлік жүргізушілерге шекарадан өзге бекеттер арқылы өтуге кеңес берді. Сондай-ақ, «Тәжен» кеден бекеті Бейнеу теміржол станциясына жақын болғандықтан, пойызбен өтуге де болады. Қазір аталған бекетте қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни пункттің қызметін уақытша тоқтатуға тура келген. Осы кезге дейін «Тәжен» арқылы тәулігіне шамамен 300 көлік өтетін болса, жаңғыртудан кейін өткізу қуаты 2 есеге артады.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04