Париждегі Лувр музейі тозып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париждегі Лувр музейі тозып барады

27.01.2025

«Лувр музейіне көмек керек». Музейдің Президенті әрі директоры Лоренс де Кар осылай дабыл қағып, Францияның мәдениет министріне хат жазған. Le Parisien газеті жариялаған хатта мұражай басшысы әлем жауһарына айналған Луврдың ескіргенін, оған күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржылай көмек қажет екенін алға тартқан. Директордың мәліметінше, әбден тозығы жеткен ғимараттан су өтіп, көрме залдарында ауа температурасының құбылуы – құнды жәдігерлердің сақталуына қауіп төндіріп тұр. Сондай-ақ мекеме басшысы министрден музейге келушілердің санын шектеуді және қауіпсіздік мақсатында Леонардо да Винчидің «Мона Лиза» картинасы үшін жеке бөлме қажеттігін жазған. Өзекті проблемадан хабардар болған Президент Эммануэль Макрон ертең Луврға арнайы барып, жағдайын өз көзімен көрмек. 

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу