Алматыда жол бойында орналасқан 500-ге жуық дүңгіршек бұзылады. Тұрғындардың шағымы бойынша, қала әкімдігі тексеріс жүргізіп, көп нысанда өрт қауіпсіздігі мен тазалық талаптары сақталмағанын анықтады. Алматылық тілшіміз қаланы аралап, заңсыз сауда нүктелеріне барып қайтқан еді. Назар салайық.
Айдана Қуантхан, тілші:
Шаһар көшелерінде осындай сауда нысандары өте көп. Енді қала әкімдігі заңсыз тұрған дүңгіршіктердің жұмысын тоқтатып, бақылауды күшейтіп жатыр. Себебі коммерциялық орындардың көбі жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен. Тіпті кейбірі жолдың дәл қиылысында, ыңғайсыз жерде орналасқан.
Заңсыз жұмыс істеп тұрған мұндай сауда нүктелері екі күннен кейін жұмысын тоқтатады. 200-ден аса кәсіпкерге нысанды ерікті түрде босату туралы ескерту жасалған. Бұған қала тұрғындары да қарсы емес, пікірлерін тыңдайық.
Дұрыс деп санаймын. Шын мәнісінде кейбіреулері тротуарда, кейбірі тұрғын үйдің ауласында орналасқан. Мысалы, мына шағын тротуардың жартысын дүңгіршіктер алып тұр ғой.
Осы кісілерге тұрақты орнын тауып берсе. Әркім жанын бағып жатыр ғой. Табыс тауып отыр.
Жүріп тұруға қиын иә. Көрінген жерде, тамақтары таза ма, таза емес пе. Артық тұрған нәрселер, ретсіз тұр, әдемі емес
Әркім заңсыз қолдануға болмайды. Және тұрақты акиматтан оларға орын беру керек шығар. Олардікі бизнес қой.
Ал қала әкімдігі қаладағы ретсіз сауданы жүйелеу үшін арнайы комиссия құрды. Бұдан кейін қала көркін сақтау үшін кез келген жерге дүңгіршек қойып, кәсіп жүргізуге тыйым салынбақ.
Айдана Қуантхан