Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады

24.01.2025

Бүгін Президент Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады. Кездесуде былтыр жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытынды есебі мен биылға арналған монетарлық реттеу жоспары баяндалды. Былтыр инфляция Ұлттық банктің болжаған шегінде 8,6 пайыз болды. Сондай-ақ Ұлттық қор активтерін басқарудан түскен табыс 7,5 пайызға артып, 4,5 миллиард долларға жеткен. Ал ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 45,8 миллиард долларға жетіп, 27,4 пайызға ұлғайды. Кездесуде Мемлекет басшысы инфляцияны тежеп, қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды екеніне назар аударды. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк пен Үкімет макроэкономикалық саясатты үйлесімді жүргізуі қажет екенін атап өтіп, Ұлттық банк қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді. 

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу