Батыс Қазақстанда 44 жылқыны ұрлап кеткен барымташылар ұсталды
Батыс Қазақстан облысында 44 жылқыны ұрлап кеткен барымташылар ұсталды. Күдіктілер жайылымда жүрген бір үйір жылқыны көршілес ауданға айдап кеткен. Ұрланған мал тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Шығын көлемі - 17,6 млн теңге. Ұсталған үш адамның екеуі бұрын мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Топ құрамында қала мен аудан тұрғындары бар. Тергеу басталды. Барымташылардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексеріліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды
25.11.2026, 17:25
Ресейде қазақ мәдени ұйымдары көбейіп келеді
25.11.2026, 17:24
СҚО су құбырларын жаңартады
25.11.2026, 17:23
1300 жас маман мемқызметке конкурссыз қабылданды
25.11.2026, 17:22
Қазақстан ТМД ішінде ең білімді елге айналды
25.11.2026, 17:20
Шипажайлардың жұмысын реттейтін заң өзгеруі мүмкін
25.11.2026, 17:19
«Халыққа жақын» жобасы Сыр өңірінен басталды
25.11.2026, 17:17
Қазақстанның зейнетақы мөлшері ТМД елдері арасында 4-орында
25.11.2026, 17:15