«Біздің үйдің және ауданның ортақ Telegram каналы ашылды, оған өтіңіз» деп көпқабатты үйлердің кіреберісіне жалған QR-код жабыстырып, ақша жымқыратын алаяқтар пайда болды. Осындай ақпарат қазір WhatsApp чаттарда көптеп таралып жатыр. Құқық қорғау органдары алданғандардың тіркелмегенін, тек көрші елде екенін айтты. Десе де, мамандар QR-код сканерлемес бұрын бірқатар талапты ескеру керек дейді.
Алдымен, сіз қолданатын мессенджерлерде екі факторлы аутентификацияны қосу керек. Бұл өзіңіз туралы дерек пен жеке шотыңызды қорғайды. Одан кейін, QR-кодтың рас-өтірігін анықтайтын қосымшаларды жүктеу керек немесе мекеме қызметкерлерінен, іс-шараны ұйымдастырушылардан нақтылаған жөн. QR-кодты сканерлеу кезінде сіз кіретін сайт HTTPS шифрлауынан басталғанына көз жеткізу керек. QR-кодқа жеке деректеріңізді енгізуден аулақ болыңыз.
Аида Ахметбек
