«Balapan» телеарнасының жобалар өндірісіне қатысты жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Balapan» телеарнасының жобалар өндірісіне қатысты жиын өтті

«Balapan» телеарнасының жобалар өндірісіне қатысты жиын өтті

ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бастамасымен «Balapan» телеарнасының эфирінен шығатын жобалар таныстырылымына арналған жиын өтті. Құрылғанына биыл 15 жыл толатын «Balapan» телеарнасы елдегі балаларға арналған контент өндіретін бірден-бір телеарна. Мәжіліс депутаттары мен телеарана қызметкерлері және анимация жасаушы компания өкілдері жаңа жобалардың тақырыптық, мазмұндық және өндірістік мәселелерін талқылады. Жиында мәжілісмендер ағартушылық, ғылым және технология, киберқауіпсіздік, экологиялық білім, ұлттық дәстүр және еңбек адамына құрмет тақырыптарын қамтитын анимацияларды көбейту туралы ұсыныстар айтты. Сонымен қоса, дөңгелек үстелде ақпараттық кеңістікті балаларға арналған қазақ тілді контентпен кеңірек қамту үшін қаржыландыру көлемін арттыру маңызды екені айтылды.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қоғамымыздың проблемаларын шешетін, балаларға ағартушылық тұрғыда жақсы мәлімет, жақсы тәрбие беретін, мемлекеттік тілде дәл осындай сіздер тапсырма беріп, осындай мультфильмдер әзірленсе деген ұсынысымыз бар.

Мақпал Укенова, «Balapan» телеарнасының директоры:

Осыған дейін қараша айында «Balapan» телеарнасы питчинг өткізген болатын. Сол питчингтан таңдап алынған жобаларды мемлекет тарапынан арнаға қосымша берілген 300 млн теңгеге 10 жобаны қарастырдық. 145 бөлімнен тұратын 10 анимациялық жобаны Мәжіліс депутаттарымен бірге талқыладық және де ол кісілердің пікір ұсыныстарын естідік. Алдағы уақытта осы жобаларды дайындау барысында ескереміз деп ойлаймыз.

Серік Жұмабек

Бөлісу