Алматыдан бір тәулікте 9 600 текше метр қар шығарылды
Алматыда қар еріту бекеті жүйелі жұмыс істеп тұр. Кеше күні бойы қала көшелерінен 9 600 текше метр ақ ұлпа шығарылып, қар еріту бекетіне төгілді. Шаһарда жиналған ақ ұлпа енді, осы жерде суға айналып, кәріз жүйесіне жіберіледі. Күніне 1200 текше метр қарды өңдеуге қауқарлы жаңа технологияның жұмысымен танысқан мамандар ақ ұлпаны ерітіп, пайдаға жарату жобасы қоршаған ортаға еш зияны жоқ деп атап өтті.
Бекежан Әлмырза, Алматы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы:
Коммуналдық қызметке кеше біраз салмақ түсті. Шаһар көшелерін қардан тазарту үшін мамандар күні-түні үздіксіз жұмыс істеді. Ал мына жаңа қосылған технология қаладан тыс жерге қар шығаруға жұмсалатын уақыт пен шығынды азайтты. Бекет іске қосылған кезден бастап 23,6 мың текше метр қарды ерітті.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04