Талдықорғанда ондаған ұлт өкілін ұйыстырған «Горец» би тобына биыл 10 жыл толды
Талдықорғанда ондаған ұлт өкілін ұйыстырған «Горец» би тобына биыл 10 жыл толды.
Әуел баста небәрі 4-5 бала ғана қатысқан ұжымда қазір 250-ден аса ұл мен қыз бар. Негізінен тау халықтарының биін билеп, сахнаға шығып жүр. Жетістіктері де аз емес. Республикалық байқаулардағы жеңістерден бөлек 2021 жылы Ташкентте супер гран-при алса, 2022 жылы Түркияда бас жүлдеге ие болған. Былтыр Грузияда топ жарды. Шығармашылық ұжым жетекшілердің табандылығымен құрылып, қоғамдық негізде жұмыс істейді. Өңірдегі түрлі мерекелік шарада, концерттерде өнер көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленіп жүр. Ал топтағы балалар үшін би – әрі өнер, әрі салауатты өмір салты.
Әлисұлтан Қапаш, би тобының мүшесі:
Мен «Горецқа» қатысып жүргеніме 4 жыл болды. «Горец» маған өте ұнайды. Мен мұнда көп дос таптым және жан достарымды таптым. Алматы және Астанаға барып гран-при ұтып алдық.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мереке қарсаңында сарбаздар аналарын құттықтады
06.03.2026, 13:20
Жамбыл ауылында соңғы 10 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген
06.03.2026, 13:18
Құрылтай –дала демократиясының символы
06.03.2026, 13:15
Қостанайда өңірлік коалиция мүшелері студенттермен кездесті
06.03.2026, 13:12
БҚО-да референдум комиссияларының дайындығы пысықталды
06.03.2026, 13:09
Ердоған Иранның Әзербайжанға шабуылын сынады
06.03.2026, 13:06
Таяу Шығыс елдерінен 3300-ден астам отандасымыз оралды
06.03.2026, 13:00
Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды
06.03.2026, 10:16