Қостанайда 53 адамды алдаған турагенттік иесі ұсталды
Қостанайда туристік агенттіктердің бірі 53 адамды алдап кеткен. Шетелде демалуды жоспарлағандар алдын ала төлем жасап қойған. Бірақ олар көрсетілген тур бағыттары бойынша тапсырыс берілмегенін жолға шығатын күні ғана білген. Туристік компанияның иесі ақшаны иеленбегенін айтады. Келісімді бұзды деп ол шетелдік әріптестерін кінәлап отыр. Алайда полицияға бұл сөзін айғақтайтын ешқандай құжат көрсете алмаған.
Болат Әубәкіров, Қостанай қалалықПполиция басқармасы бастығының орынбасары:
Жалпы, жәбірленушілерге келтірілген шығын 40 миллионды құрайды. Қазіргі таңда осы факті бойынша күдіктіні ұстап, қамауға алынды. Осындай фактілер бойынша алданған тұлғалар болса, полиция басқармасына жүгінуіңізді сұраймын.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14
Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
21.07.2026, 20:11