Ақтөбеде емшіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ақтөбеде жүзге жуық адамды алдады деген күдікке ілінген емшіге қатысты «Аса ірі көлемде алаяқтық жасау» дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.
Алдына дауа іздеп барған тұрғындарға несие алғызып, оны өзінің шотына аударып алған емші туралы кешегі эфирімізде айтқан едік. Жәбірленушілердің әрқайсысы 1 миллионнан 30 миллион теңгеге дейін ақша аударған. Олардың көбі гипноздың құрбаны болғанын айттады. Келген шығын көлемі қазірдің өзінде 500 миллион теңге шамасында. Бұл іс бойынша әзірге отызға жуық жәбірленуші бар. Алайда арызданушылар саны әлі көбеюі мүмкін. Күдікті уақытша қамалды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12