Соңғы екі жылда ауылшаруашылық саласында тұрақты өсім жоқ - Мәжіліс
Кейінгі екі жылда ауылшаруашылық саласында тұрақты өсім жоқ. Мәжілістегі аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері осылай дейді. Олар 2023 жылғы қуаңшылық пен былтырғы тасқынның салдарынан шаруалар әлі күнге қарызынан құтыла алмай жүргенін айтады.
Сондықтан 20 пайыздан жоғары мөлшерлемемен несие алғандардың берешегін қайта қаржыландыру арқылы төмен пайызға ауыстыру керек деген пікірде.
Бұдан бөлек, қолданыста бар 5 пайыздық несие бағдарламасын барлық шаруаларға бірдей қолжетімді ету, субсидиялық берешекті келесі жылға қалдырмау, кепілге алынған мүлікті уақытылы қайтару секілді мәселелер көтерілді. Мәжілісмендер жиналған өнімді өңдеу мен экспортқа шығара алмаудың басты себебі - жоспарлаудың жоқтығы деп санайды.
Жигули Дайрабаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Биыл 27 млн тонна астық жинадық деп айттық. Ал оның өтуі қалай? Аграрлық кредиттік компания бар, «ҚазАгроҚаржы» бар - солар алдындағы міндеттемесін орындай алмай жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 1 желтоқсаннан бастап 700 млрд теңге көктемгі егіс жұмыстарына қаражат бөліп отыр. Соның өзін алуға көп фермердің қолы жетпей жатыр.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08