Қызылорда облысында қаржы жымқырған есепші сотталды
Қызылорда облысының Арал ауданында мектептің бас есепшісіне қатысты сот үкімі шықты. Ол 2023-24 жылдар аралығында қызметін асыра пайдаланып, ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырған.
Айыпталушы өзінің штаттық кестеге сәйкес жалақысынан бөлек, есепшотына негізсіз артық қаржы аударып келген. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері білім беру мекемесі есепшісінің заңсыз әрекетін әшкерелеп, 20 миллион 417 мың теңгені қолды қылғанын анықтаған. Сот процесі барысында жауапты тұлғаның кінәсі дәлелденіп, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 10 жылға дейін қаржылық материалға жауапты қызметпен айналысудан шеттетілді. Ал мемлекетке келтірілген шығынды өтеуге 2 ай мерзім берілді.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07