Басты Жаңалықтар Газа секторына 3 күнде гуманитарлық көмек тиелген 2400 көлік енді

Газа секторына 3 күнде гуманитарлық көмек тиелген 2400 көлік енді

Cоғыс тоқтағалы Газа секторына үш күннің ішінде гуманитарлық көмек тиелген 2 мың 400 машина енген. Жалпы алғанда, ымыра туралы келісім бойынша палестиналық анклавқа күніне осындай 600 көлік жүк кіруі керек. Бірақ жергілікті тұрғындар автокеруенмен жеткен тауарларды талап әкетуге әзір. Тонау фактілері де тіркелген.

Мұхаммед Хади, БҰҰ-ның гуманитарлық көмек жөніндегі үйлестірушісі:

Бізде болмашы тонау оқиғаларына байланысты фактілер бар. Дегенмен мұны ұйымдасқан қылмысқа теңей алмаймыз. Иә кейбір балалар, ересектер көліктің бортына секіріп, су немесе өзге де заттарды алуға әрекетенеді. Алдағы күндері мұндай оқиғалар тоқтайды деп үміттенемін.

Осы аймақтан тағы бір хабар. Израиль қарулы күштерінің қолбасшысы Герци Халеви отставкаға кететінін жариялады. Оның мұндай шешім қабылдауына 2023 жылы қазанның 7-сінде хамастықтардың Израильге басып кіріп, 1 мың 200 адамды өлтіріп, 250-дей тұрғынның кепілге алынуына жол берілуі себепші. Айта кетсек, сол шабуылдан кейін Газада қанқұйлы соғыс басталып, 47 мыңнан астам палестиналық мерт болғаны белгілі.

Арыстан Рысбек

Бөлісу