Ақтөбеде бүйрегін сатпақ болған тұрғынға сот үкімі шықты
Ақтөбеде бүйрегін сатпақ болған тұрғын бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды.
Атырау қаласының тұрғыны бүйрегін 9 миллион теңгеге бағалап, әлеуметтік желіге хабарлама қалдырған. Оған құқық қорғаушылардың сұрауымен ақтөбелік келіншек хабарласып, науқас ағасы үшін бүйректі сатып алуға дайын екенін айтқан. Ауызша келісім жасалған соң ол Ақтөбеге келеді. Айыпталушы ақшаны алып жатқан сәтінде қолға түсті. Ол кінәсін мойындағандықтан және жас балаларының болуы себепті сот жеңілдік танытты.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12