Картоптың отаны саналатын Павлодарда өткен күзде 768 мың тонна өнім жиналды. Бірден сатып жібермей қоймаға салып алған шаруалар енді қызығын көріп жатыр. Соңғы аптада «екінші нан» саналатын өнімнің көтерме бағасы 70 пайызға өсті. Оған дейін тоннасы 170 мың теңге болатын. Қазіргі уақытта тауарды еліміздің Батыс өңірлері мен Астана, Алматы қалалары әкетіп жатыр.
Әсемгүл Бектұрова, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
Шамамен қазір 250-270 теңгені құрайды. Сатушы мен сатыпалушы аоасында өзара қатынастары болады. Сұраныс болғаннан кейін біз ол жерге кедергі жасай алмаймыз. Сатпа деп мысалы. Әр бизнесмен өндірген тауарын жақсы бағамен сатқысы келеді.
Павлодарда өсірілген картоптың 160 мың тоннасы экспортқа жіберілген. Басым бөлігін Өзбекстан алыпты. 200 мың тоннаға жуығын еліміздің өңірлері сатып алды. Павлодар облысы тұрғындары үш айда 20мың тонна картоп жеген. Қазір қоймаларда 56 мың тонна картоп бар. Тұрақтандыру қоры әлеуметтік дүкендерге 104 теңгеден босатып, ал, олар келісін 120 теңгеден сатып жатыр. Еліміздің оңтүстік аймақтарында ерте басталатын жиын-терімге дейін өңірде картоп бағасы тұрақты болады-деп сендірді жауапты мекеме өкілі.
Картоп бағасы - 184 теңге
Маңғыстауда картоп тапшылығын болдырмау үшін тұрақтандыру қорына 15 тонна өнім жеткізілді.
Павлодар, Қарағанды мен Оралдан әкелінген картоптар 12 ірі сауда желісінде келісі 178-184 теңгеден сатылуда. Ал, басқа сауда орындарында баға шарықтап тұр. 350 теңгеге дейін көтерілген. Себебі кейбір кәсіпкерлер картопты тұрақтандыру қорынан алмай, өз бетінше тасымалдауда. «Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы арқылы аймаққа апта соңында тағы 75 тонна картоп жеткізілмек.
Дастан Мұратәлиев, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы:
Оларға біз 168 теңгенің картобын ұсынып отырмыз. Алайда олар өздері тікелей алдырып, өздері былай айтқанда тексеру механизмінен қашып отыр. Былтыр мысалы картошка 150-180 теңге аралығында еді. Биыл мысалы екі есеге қымбаттап кетіп отыр.
Болат Аманбаев