Боран салдарынан 1 мыңнан аса көлік жолда қалды
Қарағанды тас жолында жағдай күрделі. Ауа райының қолайсыздығынан мыңнан аса көлік әлі жолда кептеліп тұр. Полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп, жүргізушілерге көмектесіп жатыр. Жалпы, кешеден бері бірнеше республикалық маңызы бар бірнеше тас жол жабылып, мамандар көліктерді кері қайтарып жатыр. Қазір әр өңірдегі ахуал жайлы тілшілер тікелей эфирге шығып айтып беруге дайын тұр. Алдымен, Астанадағы әріптесімнен сұрайын. Нұрсұлтан, бүгін әуежай уақытша жабылып еді, қазіргі жағдай қалай?
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Әуежай таңертең екі сағатқа жабылып, бірқатар рейс кейінге шегерілген болатын. Қазір аумақ ашылды, онда қар тазалау жұмыстары жалғасып, ұшақтардың ұшуы мен қонуы реттеліп жатыр. Қазір жағдай тас жолдарда қиын. «Астана-Қарағанды» автожолында мыңнан астам көлік кептелісте тұр. Соңғы ақпарат бойынша, 527 жеңіл, 500 жүк көлігі және 9 қоғамдық көлік жолда қалған. Полицейлер оларға көмектесіп жатыр. Ал Астанадан шығатын бірнеше тас жол әлі жабық. Күндіз «Астана-Қарағанды» автожолына барып, жағдайды көріп қайтқан едік. Таңнан бері елордадан көрші өңірге шыққан көліктер Күйгенжар бекетінен кері қайтарылып жатты. Мұндай кезде жолға шығудың өте қауіпті екенін полицейлер жүргізушілерге қайта-қайта түсіндірді.
Еркебұлан Қайырбеков, Астана қаласы ПД мамандандырылған батальонның аға қызметкері
Бәріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жүк көліктерін мына жерде үлкен тұрақ бар соған кіргіздік. Жанында тамақ ішетін жерлер бар. Тас жол кеше кешкісінен бастап жабық. Қашанға дейін жабық болатыны белгісіз.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
«ҚазАвтожолдың» мәліметінше, қазір 19 республикалық маңызы бар тас жолдарда көлік қозғалысы шектелген. Жолды қардан тазартып, қозғалысты реттеу үшін 600 маман мен 1 мыңнан астам техника жұмыс істеп жатыр. Мамандар жүргізушілерден алыс жолға шықпауын сұрайды. Егер жолда қалып қойсаңыз тәулік бойы 1403 байланыс нөміріне хабарласуға болады.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанның әскери музыканттары Дохадан жүлдемен оралды
23.12.2025, 13:10
Өзбекстанда тұңғыш рет 7 айлық нәрестеге бауыр ауыстыру отасы сәтті жасалды
23.12.2025, 13:09
Ақтөбе облысында 40 шақырымнан астам жол қайта салынады
23.12.2025, 13:07
Шымкентте заңсыз онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды
23.12.2025, 13:06
Маңғыстауда 100 мыңнан астам адам тұрғын үй жеңілдіктерінен айырылды
23.12.2025, 13:05
Шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы ұсынылды
23.12.2025, 13:05
Қазақ елі Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды
23.12.2025, 13:04
Солтүстік Қазақстанда «Nomads-AI» креатив орталығы ашылды
23.12.2025, 10:11