Маңғыстауда мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Маңғыстауда шаруа қожалығына берілген 1 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды.
Себебі бейнеулік кәсіпкер жерді мақсатты түрде пайдаланбаған. Сол үшін де оған бірнеше рет ескерту жасалған. Заңды талапқа құлақ аспаған тұрғынға сот шешімімен айыппұл да салынды. Айта кетейік, былтыр өңірде 100 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Ол жер учаскелерін аймақ шаруалары егін егу немесе жайылым ретінде пайдалану үшін 5 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге жалға алып, игермеген. Арасында тіпті заңсыз берілген жерлер де анықталды.
Нұрлан Шүйішмағанбетов, Маңғыстау облыстық жер ресурстарын басқару Департаментінің бөлім басшысы:
Бейнеу ауданы «Өтеу-Бақай» жерінде орналасқан, ұзақ уақыт, жылдар бойы игерілмегендігі анықталды. Жер иесі нұсқама табысталды. Бір жыл ішінде нұсқамалардың орындалмауына байланысты сот шешімімен 38 мың 366 теңге көлемінде айыппұл салынды. Жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде кері қайтару бойынша Департаменттің талап арызы қанағаттандырылды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тұрақты болашақ – ортақ көзқарас» Өңірлік экологиялық саммитінде сөйлеген сөзі
22.04.2026, 14:41
Семейде тазалықты өмірлік ұстанымына айналдырған азамат тұрады
22.04.2026, 13:20
Қарағанды облысында жылыту маусымы аяқталды
22.04.2026, 13:17
Қазақстан мен Моңғолия мәдениет саласында ынтымақты нығайтпақ
22.04.2026, 13:15
Астана экологиялық саммиті әлем назарында
22.04.2026, 13:10
RES EXPO 2026: Жасыл технология – табыс көзі
22.04.2026, 13:07
БҰҰ: Табиғат апатымен бірге күресуіміз керек
22.04.2026, 13:05
Келесі жылы Қазақстан электр энергиясы тапшылығын толық жояды
22.04.2026, 13:03