Таразда қоғамдық көлікті мас күйінде айдағандар ұсталды
Тараз қаласында қоғамдық көліктің жүргізушісі мас күйінде жолаушы тасымалдаған. Оның ішімдік ішкені анықталғаннан кейін бірден қамауға алынды. Осы қаңтар айында жолаушы тасымалдаған 11 көліктің иесі мас күйінде ұсталды. Олардың басым бөлігі қалааралық бағыттағы «Toyota Alphard», «Sienna» секілді көліктердің жүргізушілері.
Абзал Құрманов, ПБ патрульдік полиция батальонының взвод командирі:
Медициналық сараптама қорытындысы бойынша 2,59 промилле көрсетті. Яғни масаңдықтың орташа дәрежесі. Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 608-і бабы, 1-ші тармағына сәйкес әкімшілік хатттама толтырылып, жүргізуші соттың шешімімен 15 тәулікке қамаққа алынып, 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04