Ақтөбе облысында Есет батырға ескерткіш қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында Есет батырға ескерткіш қойылды

05.09.2017

Ақтөбе облысындағы Мұғалжар ауданының орталығына Есет батырдың ескерткіші қойылды. Батыр мүсінін орнату үшін «Туған жер» акциясы аясында жергілікті екі кәсіпкер қаражат бөлді. Биыл даңқты қолбасшы Есет Көкіұлының туғанына 350 жыл толуына орай өңірде түрлі іс-шаралар атқарылып жатыр. Ал, тарихи тұлғаның мерейтойын атап өту қазан айына жоспарланған. Қандыағаш қаласында орнатылған ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Ол «жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу үшін тарихи батырларды ұлықтау - парызымыз»,  - деді.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу