Жетісу облысында жаңа зауыттың құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында жаңа зауыттың құрылысы басталды

20.01.2025

Жетісу облысында жел генераторлары мен энергия жинақтау жүйелерін шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Кәсіпорын «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында орналасады. Зауыт салуға тартылған инвестиция көлемі 40 млн АҚШ доллары. Алғашқы кезеңде 300 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылмақ. Қазақстан мен Қытай елінің бірлескен жобасы жылына жел генераторларының 250, энергия жинақтау жүйесінің 100 жиынтығын шығарады деп жоспарлануда. Өнімнің 60 пайызы ішкі нарыққа, қалған 40 пайызы Орталық Азия мен Кавказ елдеріне экспортқа жіберіледі. Кәсіпорын келесі жылы іске қосылады.

Дінмұхамед Ыдырысов, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы:

Қазір час-пик дейді ғой. Сол кезде 10-15 пайыз электр энергияны Россиядан үш есе қымбат сатып аламыз. Бұл соның бәрін түсіруге көмектеседі. Накопительдік батареялар өте маңызды. Себебі бізде түнде электричество керек емес кезде электр қуаты бос кетеді, не арзан кетеді. Ал мына кешке таңғы керек уақытта қымбат алынады. Біз сол түнгі электр энергияны жинап алсақ, арзан беретін едік. Ол бар жерге керек.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу