Тіркелмеген мопедтерді мінуге тыйым салынатын болды
Биыл 5 сәуірден бастап, мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі. Енді бұрынғыдай велосипед сияқты екінің бірі бұл транспорт құралын қолдана алмайды. Оларды пайдалану үшін әуелі полицияда тіркеліп, А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігін көрсетіп, техникалық тексеруден және азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту қажет.
Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жеке куәлікті ала барасыз, мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамаларын айқындау қажет. Кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек.
Айта кетейік, 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30