Қарағанды облысында жүн өңдеу цехы ашылды
Қарағанды қаласының тұрғыны Гүлбахат Құттыбаева жүн өңдеу кәсібін қолға алып, шағын цехте жұмысын бастады. 17 жастағы колледж студенті бала күнінен осы салаға қызыққан. Алдымен анасына қолғабыс етіп жүн түтсе, кейін сол арқылы түрлі картиналар жасай бастаған. Жас кәсіпкер бала күнгі ермегін осылайша үлкен кәсіпке айналдырды. Енді арнайы құрылғылар арқылы қой жүні өңделіп, қазақы нақыштағы киімдер, текеметтер мен шекпендер тоқылады. Қазірдің өзінде сұраныс артып тұр. Тіпті жүннен жасалған картинаға шет ел азаматтары қызыққан.
Гүлбахат Құттыбаева, кәсіпкер:
Өзіміз бала кезімізден жайлауда жүн өңдейтінбіз. Осы жүн өңдеу жобасы арқылы 2024 жылы «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында облыс әкімінің 5 млн теңге грантын ұтып алдым. Бұл Қазақстан бойынша өте аз өндіріс, қала бойынша әлі де дамытқым келеді.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды облысында биыл 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 13:24
Астанада жүзден аса жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды
08.09.2026, 13:21
Су ресурстарының ақпараттық жүйесін іске қосты
08.09.2026, 13:18
Босния-Герцеговинадағы өрт түтіні көрші елге жетті
08.09.2026, 13:15
Эйфель мұнарасын уақытша жапты
08.09.2026, 13:12
Ресейге баратын қазақстандықтарға қатаң талап қойылды
08.09.2026, 13:06
«Жібек жолы» кеден бекеті қазанда ашылады
08.09.2026, 13:03
Өнеркәсіп саласына 183 мың маман қажет
08.09.2026, 13:00