Ақтөбеде картоп екі есе қымбаттады
Ақтөбеде картоп бағасы екі есе өсіп кетті. Жауаптылар қоймадан шығарылатын өнімді көбейту арқылы халықтың сұранысын өтемек. Алайда ол да нәтиже бермей тұр.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Қазір ірі супермаркеттер мен дүкен сөрелерінде картоп бағасы 299 бен 393 теңге аралығында. Яғни бір ай бұрынғымен салыстырғанда 2 есеге өскен. Тұрақтандыру қоры арқылы шығарылған өнімнің сапасы нашар. Шіріген картоп сөрелерде тұр. Жауаптылар бұл олқылықты тез арада жоямыз дейді. Ал бағаның өсуін Ресейден келетін өнімнің тоқтауымен түсіндіреді. Енді еліміздің өзге өңірлерімен келіссөздер жүріп жатыр.
Айбат Ербазиев, Ақтөбе облыстық а/ш басқармасы басшысының орынбасары:
Облыста картопқа 96 мың тонна қажеттілік бар. Оның тек 55-60 пайызы ғана қамтамасыз етілген. Өйткені 2-3 мың гектардай ғана жер егіледі. Бағаны түсіру бойынша Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан – картопты көп егетін жақтармен бүгінгі күні жұмыс жүргізіліп жатыр.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Әзірге өзге облыстардан келетін картоптың бағаға қалай әсер ететіні белгісіз. Өйткені бұл өнім түрі ел бойынша қымбаттап кеткен. Қазір Ақтөбедегі тұрақтандыру қорында 1500 тонна картоп бар. Әкімдік бұған дейін сауда нүктелеріне аптасына 15 тонна шығарса, енді оны 100 тоннаға дейін көбейтті.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті
21.04.2026, 20:39
Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
21.04.2026, 20:19
Субсидияға қолы жетпеген 600 омарташының 200-і кәсібін тастап кеткен
21.04.2026, 20:10
Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
21.04.2026, 20:05
Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
21.04.2026, 20:05
Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
21.04.2026, 20:05