Қазақстанда қандай дәрігерлер жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда қандай дәрігерлер жетіспейді

19.01.2025

Дәрігер жоқ елдімекендерге барып жұмыс істейтін дәрігерлерге заң бойынша жергілікті бюджет есебінен ең төменгі жалақының 100 еселенген көлемінде бірреттік қайтарымсыз көтермеақы беріледі. Биыл оның көлемі 8,5 млн теңге.

Алып үлгерген дәрігерлер бар. Мысалы, Елдар да, келіншегі Расиха да – дәрігер, олар Жетісу облысының Ескелді ауданында қызмет етіп жүр. Әрқайсысына 10 млн теңгеден беріліп, отбасылық бюджетке 20 млн теңге түскен.

Ауыл-аймақтарда дәрігерлер жетіспейді. Оның ішінде арнайы мамандар өте тапшы. Ауыл азаматтарының медициналық көмек алуға құқы әдейі емес, әрине, бірақ тапталып отыр.

Раушан Сайлауқызы алғыс пен ақшаның екеуі де бар тәсіл арқылы ауыл-аймақтардағы дәрігер тапшылығын шешу әрекетін бағамдап көрді. Айтпақшы, осы маңызды істі қаржыландырмайтын облыстар бар.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу