«Құмар ойындармен күрес» туралы заң аясында букмекерлік кеңселер қарызы барлардың реестріндегі немесе құмар ойындардан өздерін шектегендерді бақылап отыруы керек. Букмекерлер мұны онсыз да істеп отырмыз дейді.
Салық органдарына бүкіл есепті Қаржы мониторингі агенттігі мен құқық қорғау органдары сұрау салса, олар да беріп отырғандарын айтады. Алайда Спорт министрлігі арнайы оператор компания құрды. Сонда бұл компания немен айналысады?
Құмар ойындарға «кіріп кеткендер» елімізде өте көп. Талай отбасының берекесі кетті, тіпті ажырасқандар аз емес. Бұл заң мәселе ушығып бара жатқасын қабылданған еді.
Енді құмар ойынның құлы болғандардың құзға түпкілікті құламауына ықпалдасады деген әрекеттер заңмен бекігенде бүкіл ақпаратты бір жерге жинақтайды, бүкіл процесті бақылайды деген мемлекеттік компания туралы неге егжей-тегжейлі біле алмаймыз?
Данияр Қайыртай зерттеп көрген, Спорт министрлігі комментарий бермей қойды. Түсінбедік.
Данияр Қайыртай