Емен ағаштарын заңсыз кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Алматыда емен ағаштарын заңсыз кесу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қалалық Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары Түрксіб ауданында жасыл желекті заңсыз кесу фактісін анықтады. Жер ресурстарын басқару департаменті, полиция аудандық әкімдік өкілдерінің қатысуымен жүргізілген тексеру нәтижесінде 50 жылдан асқан емен ағашының заңсыз кесілгені расталды. Бұл ағаштар сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізбесіне енгізілген. Сондықтан Қылмыстық кодекстің 340-бабы бойынша кінәлі азаматқа 160 АЕК-ке дейін айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе мүлікті тәркілей отырып қамауға алу түріндегі жауапкершілік көзделген.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12