Жылу жүйесіне 25 жылын арнаған ардагер жұмысшы
Ауламыз бен көшеміз қардан таза, үйімізде жылу мен ыстық су бар. Осы жайлылықтың артында қаншама еңбек, маңдай тер жатқанын кейде байқамаймыз. Біз бен сіздің емін-еркін жүріп тұруымыз бен жайлы өмір сүруіміз үшін күн сайын жүздеген жұмысшы аянбай еңбек етеді. Солардың қатарында жылу жүйесінің мамандары бар. Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес аталған салаға өмірінің 25 жылын арнаған ардагер жұмысшымен тілдесіп, бір күндік жұмысын көріп қайтты.
Мағауия Аймағанбетов, «Астана-теплотранзит» АҚ жылу желілерін пайдалану қызметінің слесарі:
Қазіргі заманда адамдар бәрі жақсы жағдайға үйреніп қалған ғой. Ыстық су бар, кешке үйге келгенде жып-жылы. Біз соны қамтамасыз етеміз.
Мағауия Аймағанбетов, «Астана-теплотранзит» АҚ жылу желілерін пайдалану қызметінің слесарі:
Мынау уақытша жылу құбыры болған, демонтажын істеуге келдік. Жазда жөндеу жұмыстары кезінде уақытша жылу желісін істейміз. Кезінде істеді, жазға дейін. Жаңадан желі қосылғасын алып тастадық. Соны қазір кесеміз.
Қыстың суығына, боранына қарамай жұмыс істейміз. Өйткені біздің жұмыс өте маңызды қаланы жылумен қамту. Тым аяз болса, арнайы көлігіміз бар, пеш бар. Осылай жылынып аламыз да, әрі қарай жұмысымызды жалғастырып жүре береміз.
Шыңғыс Әміржанов, «Астана-теплотранзит» жылу желілерін пайдалану қызметінің учаске бастығы:
25 жыл болды жұмыс жұмыс істеп жүргеніне. Тәжірибесі мол. Өте жауапкершілігі жақсы адам. Бригада да, басқа да бригаданың жігіттері сыйлайды, бастықтар да қатты сыйлайды. Егер түсініксіз жағдайлар болып жатады ғой, барып ақыл сұраймын.
Мағауия Аймағанбетов, «Астана-теплотранзит» АҚ жылу желілерін пайдалану қызметінің слесарі:
2025 жылды Президент жұмысшылар жылы деп жариялады. Назар аударғанына мен ризамын. Өйткені жалақымыз көтеріліп жатыр. Қарапайым жұмысшыға көбі жоғарыдан қарайтын, қазір кішкене дәрежеміз көтеріліп, соған өзім ризамын.
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
