Павлодарда картоп қымбаттап кетті
Павлодарда картоп күрт қымбаттады. Келісі 300 теңгеге дейін шарықтаған. Ал өнімнің бұл түрін «тірек өндіруші» саналатын өңірде былтыр күзде 768 мың тонна картоп жиналған. Соның тең жарымы қоймаларға салынды. Яғни сақталған картоптың өзі өңір халқының қажеттілігінен 10 есеге көп.
Сауалнама:
Картоп күнделікті керек. Әсіресе жанұяда адам көп болса. Оны кәдімгідей тергеу керек. Неге олай сатып жатыр? Енді халықты ойлауы керек қой.
Баға 300 теңгеге дейін жетті. Павлодар облысы картоп өсіреміз ғой. Картопты шетелдерге шығарады. Неге баға өсті?
Біз қазір студентпіз ғой. Сондықтан бағаға қарамай ала береміз. Көп алмаймыз. Ал егер әлеуметтік дүкендерге барып жатсақ, 120 теңгеге алуға болады.
Иә, әлеуметтік дүкендерде картоптың келісі - 120 теңге. Себебі күзде әкімшілік шаруа қожалықтарынан облыстың тұрақтандыру қорына форвардтық сатып алуды жүзеге асырған. Нәтижесінде өнім өндірушіден тікелей тұтынушыға жететіндей жүйе қалыптасты. Павлодар қаласында 102 дүкенге картоп қазір 104 теңгеден беріліп отыр.
Батыр Муталапов, Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы:
Біздің әлеуметтік дүкендерге бір таратқанда 50 тонна картоп жеткізіледі. Ол екі күнге жетеді. Сондықтан сөрелерді босатпай, күнара картоп апарып отырамыз. Қордағы өнім наурызға дейін молынан жетеді. Біз өзіміздің өңірдің ішкі нарығын толық қамтамасыз ете аламыз.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16