Әлеуметтік мекемелер азық-түлікті 500% қымбатқа сатып алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік мекемелер азық-түлікті 500% қымбатқа сатып алған

17.01.2025

Елімізде мектеп, балабақша, аурухана және балалар үйі сияқты мемлекеттік мекемелер азық-түлікке тым көп үстемақы қосып сатып алған. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Нақтырақ айтсақ, 1100-ден аса мемлекеттік мекеме азық-түлікті сатып аларда 500% дейін үстемақы қосқан. Былтыр осындай 817 факті анықталған. 685 мекеменің мемлекеттік сатып алу келісімшарты қайта қаралып, нәтижесінде 370 млн теңгеден астам қаржы үнемделген.

Қазір елімізде «алыпсатар схемаларды» анықтауға бағытталған жоба жүзеге асып жатыр. Бұл жұмыс кәсіпорындардың қызметіне араласусыз, тек IT құралдарын пайдалану арқылы жүргізіледі. Нәтижесінде 69 тиімсіз делдал шеттеліп, 600 әкімшілік хаттама толтырылды. 11 млн теңге көлемінде айыппұл төленді. 

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу