Жамбыл облысында «Жібек жолы» АЭА-нан 2 млрд ₸ ұрланған
Жамбыл облысында «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағынан 2 млрд теңге ұрланған. Мердігерлердің қыруар қаржыны қолды қылғанын прокурорлар анықтады.
Қаржыға инвесторлар үшін инфрақұрылым нысандары салынуы керек еді. Бұл мақсатқа бас-аяғы 31 млрд теңге бөлінген. 28 нысан бой көтеру керек. Бірақ 12 ғимараттың құрылысы аяқсыз қалды. Жұмысына жауапсыз қараған 3 компания басшысы тергеуге алынды. Негізі 6 жыл бұрын экономикалық аумақта 20 инвестор жұмысын бастауы керек еді. Алайда автожол, полигон, су мен жарық желілері толық тартылмағандықтан жобалар жүзеге аспай тұр.
Қайыржан Қуатбеков, Шу ауданының прокуроры:
Міндеттемелерді орындамаған мердігер ұйымдарынан 2 млрд теңге өндірілді. Қадағалау актісі бойынша 6 өнімсіз жобаларға берілген 81 гектардан аса жер учаскесі арнайы экономикалық аймаққа қайтарылып, жаңа инвесторларға берілді. Инвесторлардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04