Ғылымды қаржыландыру 3,5 есеге өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғылымды қаржыландыру 3,5 есеге өсті

17.01.2025

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдады. Академия басшысы былтыр атқарылған жұмыстарды баяндады. 2024 жылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көзделген 113 ғылыми-техникалық тапсырмаға сараптама жүргізілген.

Сондай-ақ 3 интеграцияланған пәнаралық ғылыми-техникалық бағдарлама әзірленген. Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымның әлеуетін арттыру үшін одан әрі жүйелі шаралар қабылдау қажет екеніне назар аударды. Таяуда Ұлттық ғылым академиясына Президент жанындағы жоғары ғылыми ұйым мәртебесін беретін Жарлыққа қол қойылды. Үкіметке аталған Жарлықты жүзеге асыруға қатысты құқықтық мәселелерді жеделдету туралы тапсырма берілді.

Сондай-ақ ғылымды қаржыландыру 3,5 есеге ұлғайды. «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң қабылданды. Жас ғалымдарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау күшейтілді. Президенттің тапсырмасымен оларға баспана беріліп жатыр. Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясына бірқатар міндет жүктеді. 

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу