Қызылорда облысының әкімі ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалған студенттің оқу ақысын төлеп береді
Ұшақ бортында адам өмірін сақтап қалған болашақ дәрігер Дінмұхаммед Бектұрғанның оқу ақысын Қызылорда облысының әкімдігі төлейтін болды. Аймақ басшысы студенттің ата-анасын жеке қабылдап, елдің атынан алғыс білдірді.
Нұрболат және Ғалия Нұрсейітова баласына жақсы тәлім-тәрбие беріп, ұлының медициналық университетте ақылы түрде білім алуына еңбек етіп жүрген жандар. Қазіргі таңда Дінмұхаммед 7-курс студенті. Ол тағы 3 жыл резидентура оқуға ниетті.
Талапты жас дәрігердің білімін жетілдіріп, әрі қарай оқу ақысын төлеуге облыс әкімі қолдау көрсететінін жеткізді. Және ата-анасына «Алғыс хат» табыстап, ризашылығын білдірді.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04