Қызылордада жеке үйдің ауласына сирек кездесетін қарақал кіріп кетті
Қызылорда қаласында халықаралық жануарлар дүниесінің «Қызыл кітабына» енген қарақал жыртқыш аңы ауланды. Мысық тұқымдас түз жануары шаһардағы жеке тұрғын үйдің ауласына енген.
Жабайы ит-мысықтарды қорғау ұйымының белсендісі Илина Ли жыртқышты ұстауға көмектесіп, кешеден бері оны өз үйінде ұстаған. Оның айтуынша түз жануары ашығып, біраз әлсіреген. Ветеринарлар мысық тұқымдас аңның жағдайын бағамдап, сырт келбетінен ауру белгілерін анықтаған жоқ. Ал табиғат қорғау инспекторлары «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін жыртқыштың әлі толық өсіп-жетілмеген айтады. Мамандар қолға түскен қарақалды Шымкенттегі зообаққа жөнелтті.
Рахымжан Бурабаев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:
Бұл қарақал жануары Қызылқұм беткейінде кездесетіндігі туралы деректер бар. Бірақ біздің облысымызда санаққа алынбаған. Осыған дейін кездеспеген. Мұны зоопаркке табыстай отырып, сол мекеменің ветеринарлары тексеріп, содан кейін шешім қабылданса деген ойымыз бар.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ халқының көмескіленген этнографиясы
22.04.2026, 20:58
Сарапшы: Жаңбыр суын жинау тәжірибесі маңызды
22.04.2026, 20:11
Жасыл технология – табыс көзі
22.04.2026, 20:10
Астана экологиялық саммиті – әлем баспасөзінің назарында
22.04.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
22.04.2026, 20:08
Тұрғындар балаларын мектепке жіберуге қорқады
22.04.2026, 20:06
Өңірлік экологиялық саммиттің айшықты сәттері
22.04.2026, 20:06
Саммит аясында «Балалар денсаулығын қорғаудың заманауи стратегиялары» атты жиын өтті
22.04.2026, 20:05