Ақтөбеде үш адамды кепілдікке алған күдікті екі айға қамауға алынды
Ақтөбе соты үш адамды кепілдікке алған күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Еске салсақ, 13 қаңтарда 40 жастағы қала тұрғыны өзі бұрын жақын қарым-қатынаста болған әйелді оның үйінде кепілдікке алған еді. Күдіктінің ешқандай талабы болмаған. Құқық қорғаушылар үш сағаттан астам келіссөз жүргізгенімен, нәтиже шықпады. Кейін арнайы жасақ жеке үйге басып кіріп, қаскөйді тұтқындады.
Оқиға орнын тексеру барысында қорадағы жертөледен жәбірленушінің анасы мен өгей әкесі табылды. Екеуі де ауыр жарақат алған. Олардың бірі ауруханаға барар жолда, екіншісі ота үстінде қайтыс болды. Марқұмдардың денесі кеше жер қойнына тапсырылды. Ал 40 жастағы әйел қазір нейрохирургия бөлімінде ем алып жатыр.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12