Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салу мәселесі қайта қаралуы мүмкін
Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салу мәселесі қайта қаралуы мүмкін. Бұл заң нормасы қоғамда қызу талқылынып, көпшіліктің наразылығын тудырып жатыр. Әділет вице-министрі бұл талаптың қандай жағдайда қайта қаралатынын түсіндірді. Ботагөз Жақселекованың сөзінше, егер бұл мәселе депутаттар тарапынан көтерілсе, қайта қаралады. Кеше Мәжілісте көлікті 5 минуттан артық қыздыруға қатысты нормаға қарсы шығып, депутаттық сауал жолданған болатын. Ал Ішкі істер министрлігі бұл талаптың 20 жылдан бері бар екенін еске салған еді.
Ботагөз Жақселекова, ҚР Әділет министрінің орынбасары:
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген барлық өзгерту тиісті ведомствоаралық комиссияда қаралады. Оның жұмысын Әділет министрлігі қамтамасыз етеді. Комиссия құрамында мемлекеттік орган өкілдерімен қатар Парламент депутаттары, ғылыми қауымдастық өкілдері бар. Осы орайда депутаттық сауал жолданса, мәселе көтеріліп, талқыланады. Нәтижесі қосымша жарияланады деп ойлаймын.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09