Еңбек адамы: 25 жыл бойы жол ережесін бұзбаған жүргізуші
Ақтөбелік такси жүргізушісі 25 жылда бірде бір рет жол ережесін бұзбаған. Жеңіс Хисметұлы бала тәрбиелеп, адал қызмет етіп жүрген нағыз еңбек адамы. Ол әріптестерінің арасында да сыйлы. Үлгілі көлік жүргізушісінің еңбегін өңір полицейлері де бағалап, оған арнайы марапат табыстады. Тәжірибелі маман біздің тілшілерге өзінің жұмысы туралы айтып берді.
Жеңіс Хисметұлы, такси жүргізушісі:
25 жылдан бері неше түрлі көлік айдадым, неше түрлі салада жұмыс істедім. Сол уақытта жол ережесін бұзбауға тырысып, ешқандай көлік апатына түспедім. Көлікке отырған кезде адамның психологиясы жақсы болуы керек. Сабыр сақтауы керек. Алдыңды кесіп өтеді, соның бәрінде сабыр сақтап, сабырлы болуға тырысамын. Баяғыда жол полициялары штраф салудан басқаны білмейді деп ойлайтын едім. Бүгін көзім жетіп отыр. Келіп, алғыс хаттарын беріп, марапаттап, рахметін айтып кеткеніне қуанышым шексіз. Такси деген апарып, түсіріп тастайды деп ойлайтын едім. Ол шындығында оңай нәрсе емес екен. Халықпен жұмыс істеу өте қиын. Неше түрлі адам жолығады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12