Басты Жаңалықтар Жемқорларға заң күшейеді: Енді тізім жарияланады

Жемқорларға заң күшейеді: Енді тізім жарияланады

Қазақстанда жемқорларға қатысты заң күшейеді. Енді араны ашылғандардың тізімі жарияланады. Тіпті пара беруге уәде еткендер мен ұсынғандардың өзі де қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңға осындай өзгеріс енгізілуі мүмкін. Бүгін бұл заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралды. Депутаттар құжатты бірінші оқылымда мақұлдады. 

Ашықтық демекші, енді жемқорлардың тізімі жалпыға жария болмақ. Заң қабылданса, кімнің қанша жымқырғаны тайға таңба басқандай көрсетіледі. Ақпарат антикордың ресми сайтында жарияланады. Бірақ тізімде ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандардың тізімі енгізіледі.

Аты-жөнінен бастап, қылмыс жасаған уақыттағы жұмыс орны мен лауазымы, қанша жылға сотталып, қанша пара алғаны толық көрсетіледі.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Ең көп арыз-өтініш мемлекеттік қызметке емес, мектепке, ЦОН-ға, жергілікті жердегі қағаз беру, уақытылы алу дегендей мәселелерге қатысты болады. Олар жемқорлықтың күрес аясына енбеген субъектілер болып саналады.

Енді осы аталған мекемелердегі жемқорлыққа қатысты мәселе майшаммен қаралады. Агенттік күресетін тізімге енеді. Себебі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік келтірген статистикада шағым саны көп.

 Ұлан Сарқұлов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:

Мысалы, 2023 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің call-орталығына 27 мыңнан астам қоңырау түсті. Оның ішінде 2 мыңға жуық қоңырау eGov мәселелері бойынша және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне шағымдар. 1,5 мың өтініш медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша. 940 қоңырау білім беру саласындағы шағым.

Самал Қабышева, тілші:

Енді параны бергендермен параны алғандар ғана емес, сол параны ұсынғандар да сотталатын болады. Жаңа заңға осындай өзгеріс енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Жалпы, параны ұсынғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту тәжірибесі 38 елде бар.

Самал Қабышева

Бөлісу