Ақтөбеде кепілдіктен босатылған әйелге психологтар көмектесіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ақтөбеде кепілдіктен босатылған әйелге психологтар көмектесіп жатыр

Ақтөбеде кепілдіктен босатылған әйелге психологтар көмектесіп жатыр

Ақтөбеде кепілдіктен босатылған келіншекке психологтар көмектесіп жатыр. Ол ата-анасының өлімі туралы әлі естімеген. Бұл жөнінде облыстық аурухананың дәрігерлері хабарлады.

Науқас кеше жан сақтау бөлімінен палатаға шығарылған еді. Жағдайы – тұрақты. Қазір нейрохирургия бөлімінде. Бөлмесінің алдына күзет қойылған. Яғни бөгде адамдардың кіруіне рұқсат жоқ. Естеріңізге салсақ, 13 қаңтардың кешінде белгісіз біреу 40 жастағы әйел мен оның ата-анасын кепілдікке алған еді. Қасқөйдің нақты талабы болмаған. Үш сағаттық келіссөз нәтиже бермеген соң, құқық қорғаушылар басып кіріп, оны ұстаған еді. Өкінішке қарай, кейін қаскөй әйелдің ата-анасын ауыр жаралап, жертөлеге тастағаны белгілі болды. Олардың бірі ауруханаға барар жолда, екіншісі ота үстелінде қайтыс болды. Әйелдің  қолы мен басы жараланған.

Мақсат Оразжанов, нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі:

Жалпы, жағдайы қазір орташа, сана-сезімі анық, сұрақтарға жауап береді. Бөлімде бүкіл емін тағайындап жатыр. Психологиялық фактор болғасын, қазір психолог та бірге жұмыс істеп жатыр.

Жақсыбек Кемал


Бөлісу