Ақтауда бейберекет жатқан қоқыс тазартылды
Маңғыстауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұзақ жыл бойы бейберекет жатқан қоқыстар тазартылды.
Спутник арқылы мұндай 69 аумақ анықталған. Бүгінде 60 жердегі күл-қоқыс жиналып, арнайы орындарға тапсырылды. Былтыр облыс бойынша тазалық шараларына 168 мың адам атсалысқан. 27 мың тонна қоқыс шығарылды. Биыл өңірде арнайы экологиялық тұжырымдамалық бағдарлама әзірленіп жатыр. Соның аясында абаттандыру, тазалау жұмыстары жалғасады. Табиғат жанашырлары экологиялық акцияға студенттерді атсалысуға шақырды.
Дильназ Римбаева, студент:
Кішкентай кезімнен ата-анам, ата-әжемнің қолында өстім. Солар қоршаған ортаны қаншалықты таза ұстау маңызды екенін миға жақсылап құйды. Бала сөйлегеннен көрсеткенді жақсы ұғады ғой. Ең алдымен болашақтағы жастардың қоғамға жақсы әсерін, экологиялық тазалықты сақтау, білімді болуы ата-анадан басталуы керек.
Есенқос Әділбаев, Маңғыстау облыстық Экология департаментінің бөлім басшысы:
Осы «Таза Қазақстан» акциясының аясында қазір мына халыққа тиімді «Қазбот» телеграмм-чаттары жұмыс істейді. Әр азамат ластанған жер және ағаштарды кесу секілді заңсыз көріністерге тап болса, бірден фотоға түсіріп, осы чат арқылы жіберсе, арыз болып түседі. Ол арыз міндетті түрде орындалады. 2024 жылы 200-ден астам факті болды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада: Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 9-орында тұр
01.10.2026, 20:30
Спортшылар Азия ойындарынан жүлдемен оралды
01.10.2026, 20:30
NVIDIA Қазақстандағы AI инфрақұрылымын дамытуға қатысады
01.10.2026, 20:29
Әнші Sadraddin-нің концертіне 70 мың көрермен жиналды
01.10.2026, 20:29
Түркістан облысында қарияларға арналған 21 орталық жұмыс істеп тұр
01.10.2026, 20:28
Президент General Atlantic компаниясының төрағасымен кездесті
01.10.2026, 20:25
Президент БАӘ делегациясын қабылдады
01.10.2026, 20:23
Президент AI & Digital Bridge 2026 форумында сөз сөйледі
01.10.2026, 20:09