ШҚО-да қытайлық компанияға 2 млрд ₸ айыппұл салынды
Омбы – Майқапшағай халықаралық автокөлік жолын салып жатқан қытайлық компанияға 2 миллиард теңге айыппұл салынды. Мердігер мекеме жол құрылысы кезінде тас үгітетін қондырғыны рұқсатсыз орнатқан. Бұл экологиялық талапты бұзу болып саналады. Ал қондырғының арнайы құжатсыз жұмыс істеп тұрғанын Шығыс Қазақстан облыстық экология департаменті кезектен тыс тексеру кезінде анықтаған. Бұл мердігер компанияға бұған дейін де экологтар 9 хаттама толтырылып, 8 миллионға жуық айппұл төлеткен. Осы жолғы айппұлдың сомасы қомақты. Сондықтан қытайлық компания хаттама қорытындысымен келіспей, әкімшілік сотқа шығымданған.
Азамат Тәуірбеков, ШҚО экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:
«Синь-Син» ЖШС-нің нөмірі 10-учаскесінде сұрыптау қондырғысында экологиялық рұқсатсыз қызмет атқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік айыппұлдың сомасы 2 миллиард теңге. Оны төлеуге міндетті.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15
Жолаушылар пойызы интернетпен қамтылды
21.10.2026, 20:13
Қызылордада инвестициялық жобалардың құрылысы басталды
21.10.2026, 20:11
Қытайда робот өндірісінде 6G технология қолданылды
21.10.2026, 20:08
АҚШ-тың арнайы өкілі Путинмен кездесіп, Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін талқылады
21.10.2026, 20:08