Маңғыстауда 500-ге жуық оқушы астан улануына қатысты сот отырысы басталды
Маңғыстауда 500-ге жуық оқушы жаппай астан уланған қылмыстық іске қатысты сот отырысы басталды. Оқиға қыркүйек айында болған еді. Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы мектептің асханасында тамақтанған оқушылар астан уланып, ауруханаға түсті. Осы оқиға бойынша басты айыпталушы – асхана меңгерушісі.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Оқушылардың жаппай астан улануына қатысты сот Мұнайлы аудандық сотында ашық түрде өтіп жатыр. Қылмыстық іс бойынша 395 баланың ата-анасы жәбірленуші болып тіркеліп, сотқа қатысуда. Айыптаушы тарап прокурордың айтуынша, мектеп асханасында жұмысшылар жеке гигиенаны мүлдем сақтамаған. Олар тамақ әзірлемес бұрын тіпті қолын да жумайтын болып шықты. Ыдыстарды тек құр сумен шайған. Бірреттік қолғапты ауыстырмастан қолданған. Асханада күнделікті тазалық жұмысы жүргізілмеген. Антисанитария салдарынан шыбын-шіркей қаптаған. Ал балалар ұшынған картоп езбесі бір күн бұрын дайындалыпты. Сараптама қорытындысы бойынша аспаздан, екі наубайшыдан және басқа да асүй қызметкерлерінен стафилококк анықталған. Еске салайық, оқиға 6 қыркүйек күні тіркелді. Жалпы саны 460 оқушы ауырды. Осы оқиға қатысты айыпталушы – жеке кәсіпкер Дәметкен Шәкенова. Оған қатысты айыптаулар оқылды. Енді зардап шеккен ата-аналар сөз сөйлеуде. Одан кейін 50 куәгерден жауап алынады. Сондықтан бұл шулы істің қашанға дейін қаралатыны белгісіз.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
07.04.2026, 20:50
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08