Қызылорда облысында «Экология – балалар көзімен» тақырыбында сурет көрмесі өтті
Қызылорда облысының Қармақшы ауданында «Экология – балалар көзімен» тақырыбында сурет көрмесі өтті. Туған жерді аялап, таза ұстауға үндейтін игі шара «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында ұйымдастырылды.
Аудан орталығындағы Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары экология тақырыбын арқау етіп, жаппай сурет салды. Балалар қоршаған ортаны ластайтын факторларды қағаз бетіне түсіріп, табиғатты аялауға шақырды. Ал жоғары сыныптарда «Туған жерді таза ұстайық» тақырыбында тәрбиелік сағаты өтті.
Айбике Нұрлыбекқызы, оқушы:
Біз қоқыстарды сұрыптап жинап, табиғатты ластамауымыз керек. Кейбір зауыттар улы заттарды өзен-көлге құя салады. Ол табиғатты қорлайды. Егер елімізде жасыл желек еркін өссе, біздің ауамыз таза болады.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғын үй бағасы: 2026 жылы не өзгереді?
08.02.2026, 19:50
Торғай өңірін дамытуға алдағы 3 жылда 165,5 млрд теңге бөлінеді
08.02.2026, 19:49
МӘМС жүйесінде қандай заңсыздықтар анықталды?
08.02.2026, 19:45
Алматылық Falcon EuroBus компаниясы Пәкістанға 600 электр автобусын жеткізеді
08.02.2026, 18:53
Жаңа Конституцияда теңге ұлттық валюта ретінде бекітіледі
07.02.2026, 20:37
Белградтағы баскетбол матчында Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
07.02.2026, 20:08
Испаниядағы турнирде 11 қазақ боксшысы финалда жұдырықтасады
07.02.2026, 20:07
Н.Нәлібаев: Конституцияның жаңа жобасындағы экологиялық нормалардың маңызы зор
07.02.2026, 20:07